Текст
15 ақпан - еліміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі. Бұл күні, 1989 жылы, кеңес әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарылып, жас азаматтар өз отандарына, отбасыларының жанына оралды. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толды. Мектебіміздің оқушылары жауынгер-интернационалистерді еске алу мақсатында өлеңдер оқып, бейбітшіліктің қадір-қасиеті мен адам рухының күшін тағы да еске салды.