11 қарашада біздің мектепте "Сіз өз балаңызды білесіз бе?" тақырыбында отбасылық клубжоспары бойынша іс-шара өтті. "Гармония" отбасылық клубының жұмыс жоспары бойынша ұйымдастырылған.
Іс-шараның мақсаты:
- Ата-аналар мен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту ,баланың жеке басын тәрбиелеу және түсіну мәселелерінде ата-ана құзыреттілігінің деңгейін арттыру.
Тапсырмалар:
- Ата-аналарға балаларының қызығушылықтарын,мінезінің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін тереңірек түсінуге көмектесу.
- Отбасында сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
- Ата-аналардың баланың өміріне және дамуына қатысуға деген ынтасын арттыру.
Кездесу барысында практикалық тапсырмалар, Аннотация,талқылау,педагог-психологтың ұсынымдары және тренингтік жаттығулар ұсынылды.
Ата-аналар диалогқа белсенді қатысып, пікірлер мен өмірлік жағдайлармен бөлісті.