Мектебімізде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру басты назарда. Буллинг пен кибербуллинг - кез келген баланың өмірінде орын алуы мүмкін мәселе, сондықтан алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Оқу жылы барысында сынып сағаттары, тренингтер және түсіндіру жұмыстары өткізіледі. Оқушылармен сыйластық, жеке шекара, интернеттегі қауіпсіздік туралы ашық әңгімелер жүргізіледі. Біз тек ережелерді емес, адамгершілік құндылықтарды да насихаттаймыз: қолдау көрсету, жауапкершілік және көмек сұрай білу.
Цифрлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке ақпаратты қорғау, өзгенің суреттерін рұқсатсыз таратпау, желідегі әдептілік - бұл әр оқушы білуі тиіс маңызды қағидалар.
Қазіргі таңда мектепте психологиялық ахуал тұрақты. Кез келген даулы жағдайлар дер кезінде қарастырылып, тиісті мамандардың қатысуымен шешіледі.
Біздің мақсатымыз - әрбір бала өзін қауіпсіз, бағалы және қорғалған сезінуі.
Әлеуметтік педагог


