"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Перекатное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалықжәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ведомстволық бағыныстыбілім беру ұйымдарыныңпедагогтерінебіліктіліксанаттарын беру (растау) үшінаттестаттауданөтуүшінқұжаттарқабылдау" мемлекеттікқызметікөрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: -электрондық үкіметтің веб – порталы (бұдан әрі-портал) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіарқылы. - ақпарат объектісі-педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы. Көрсетілетін қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады: 1. өтініш; 2. жеке басын куәландыратын құжат 3. білім туралы диплом; 4. қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса); 5. білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат 6. қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат; 7. педагогтардың білімін бағалаудан өткендігі туралы сертификат 8. берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (біліктілік санаты бар адамдар үшін) 9. кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды(таратуды) растайтын құжаттар 10. білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар және тәрбиеленушілер 11.Эссе (250-300 сөз) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Перекатное ауылының ЖББМ" КММ-де Перекатное ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі 40 мекенжайы бойынша хабарласуға немесе 87163598359 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.