2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет туралы есеп.
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша Перекатное ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша Перекатное ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2) Заңды мекенжайы Перекатное ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі 40.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша Перекатное ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылы мектеп 58 қызмет көрсетті;
* ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-16 қызмет;
* қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -13 қызмет.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 29 мемлекеттік қызмет
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/activities/directions?lang=ru білім басқармасының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша Перекатное ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер туралы мақала, әлеуметтік желілерде жарияланды
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "Перекатное ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» КММбірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz.
"Перектное ауылы ЖОББМ" КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мектеп директоры және іс жүргізуші. Аталған қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету және қызметтермен жұмыс істеу үшін мектепте барлық жағдайлар бар. Фойенің бірінші қабатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, еден стендтері орнатылған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы мектепте Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және сапалы көрсетумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.