Текст
03.06.2026
2026 жылғы 2 маусымда жалпы орта білім беру ұйымдарының 11-сынып түлектері мемлекеттік қорытынды аттестаттауды бастады. Алғашқы емтихан – Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан болды. Емтихан барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы сұрақтарға жауап берді.
Мемлекеттік емтихандар 2–15 маусым аралығында өтеді. Бітірушілерге алгебра және анализ бастамалары, оқыту тілі, таңдау пәні, сондай-ақ тіл және әдебиет пәндері бойынша емтихандар тапсыру жоспарланған.
Мектеп ұжымы түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже және өз білімдерін сенімді түрде көрсетуге тілектестік білдіреді.


