Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Атбасар қаласында өткен аудандық сурет байқауына мектебіміздің оқушылары Садуақасов Камилла мен Раяна белсене қатысты. Байқауды жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, мемлекеттің басты рәміздерін құрметтеу және ел тарихына деген қызығушылықты қалыптастыру. Қыздар өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін, бейбітшілікке, халық достығы мен бірлігіне деген ұмтылысты бейнелейтін шығармашылық жұмыстарын үлкен ынтамен ұсынды.
Суреттерде Қазақстанның тәуелсіздік рәміздері, ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени мұралары бейнеленген. Байқауға қатысу апалы-сіңлілер үшін талантын ашып, өнерпаздық қабілеттерін танытып, еліміздің басты заңы ретіндегі Ата Заңымыздың маңызына өзіндік көзқарасын білдіруге зор мүмкіндік болды.
Камилла 2-орынға, ал Раяна 3-орынға ие болды. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Камилла мен Раянаны байқаудағы жеңістерімен құттықтаймыз👏🎉🎉🎉.
ОІ бойынша директордың орынбасары Копейка Е.Д.